Жалпы Grand Slam турниріне 200-ден астам спортшы қатысады.
Душанбеде өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады?
1,228
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтетін Grand Slam санатындағы турнирге қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:

  • Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)
  • Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)
  • Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)
  • Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)
  • Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін)
  • Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)
  • Ермұхан Естай (100 келіге дейін)
  • Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)

Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.