57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды.
Таэквондо: Мария Севостьянова клубтар арасындағы ашық Азия чемпионатында топ жарды
762
оқылды

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды. 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс медаль иеленді.

Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.