Павлодар қаласында Торайғыров көшесінде орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
- ТЖМ күштері өртті сөндірді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндіріліп, одан әрі таралуына жол берілмеді, - делінген ақпаратта.
ТЖМ күштері 162 адамды, оның ішінде 65 баланы эвакуациялады. 54 адам өз бетінше көшеге шықты. Зардап шеккендер бойынша 112-ге ақпарат түскен жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.