Мұнайлы ауданындағы Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасында санитарлық талаптар бұзылып, 460 оқушы «Астан улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Құзырлы органдар тексеру нәтижесінде мектеп асханасынан ішек бактерияларын анықтап, 12 қызметкерден стафилококк бактериясы табылды. Асхана меңгерушісі 1 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жылға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды.
Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған оқиғалардан кейін тексеріс күшейтілмек.
Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының арасында тамақтан болатын топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тексеру басталғанын, санитариялық-профилактикалық шаралар өткізу туралы қаулы шығарылғанын, әкімдіктің жанынан штаб құрылғанын мәлімдеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.