Жартылай финалда Әбдраимов 17-орынмен мәреге жетті. Алайда финалға шыға алмады.
Темірлан Әбдраимов әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына дейін жетті
Фото: ҚР ҰОК
303
оқылды

Будапештте (Венгрия) қазіргі бессайыстан әлем кубогының кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижеге Темірлан Әбдраимов қол жеткізді. Ол іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Әбдраимов 17-орынмен мәреге жетті. Алайда финалға шыға алмады.

Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыста Кирилл Стадник те бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады.

Айта кетейік, былтыр Темірлан Әбдраимов пен Людмила Яковлева Каирде (Мысыр) өткен Әлем кубогында аралас эстафетада күміс жүлдегер атанған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.