Әнші Ақбота Керімбекова жеке өмірі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында некесінің сәтсіз болуына не себеп болғанын атап өтті.
«Ер-азаматқа өзінің міндетін атқар деп мүмкіндік бермедім бе? Мен әлсіз болып иілуім керек пе еді? Иілгенде де ер-азаматқа тізгінді беруім керек еді. Әйелміз ғой, аш отырса мен үйде отыра алмаймын, өзіміз жыбырлап істеп кетеміз. Біз егемендік алып, арпалыс кезеңінде бойжеттік қой. Саудамен айналысып кеттік. Осыған да шүкір, тәубә деймін. Ешкімге өкпем жоқ, аман болсын, бақытты болсын деймін. Өсіп-өнсін. Алладан қорыққаннан кейін, ешкімге ештеңе дей алмаймын», – дейді әнші.
Өнер иесі өткенге өкпесі жоқ екенін айтты.
«Ең жақсы адам – кешірімді адам дейді ғой, бәрін кешірдім», – деді Ақбота Керімбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.