Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, опера әншісі Майра Мұхамедқызы қызмет барысындағы қиындық туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі “Алғашқы” бағдарламасына сұхбат берді. Айтуынша, басшылық қызметке келгенде ұжымдағы қызметкерлер тарапынан қысым көрген.
”Театрға бара салған кезде 40 жігіт алдымнан шықты. “Бізден соққы жемей тұрып, қысым көрмей тұрып, ақырындап кетіп қалыңыз, біз сізді сыйлаймыз. Бірақ жаңа адамның келгенін қаламаймыз” деді. Сосын мен “Айналайындар, мен сендерден қорықпаймын. Бұл өмірде бәрін көрдім. Мен сіздердің жағдайларыңызды жасау үшін келдім” дедім. Қазір солардың бәрі – менің қызметкерлерім. Осы театрдың жанашырлары. Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Қаншама жылдар бойғы театрға деген махаббаты, айлықтары аз, театр жабылудың алдында тұр. Соңғы үміттері қалған сәт. Театрдың ішінде де туыс-туғанын жұмысқа алған жағдайлар болған. Театрға мүлде қатысы жоқ, басқа саладағы адамдар кіріп кеткен. Тәртіп те, заң да жоқ болып, театр деп айтуға ауыз бармайтындай болып кеткен. 4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым. Кадр бөліміндегі маман “Майра ханым, болды енді, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой” деді. Басында енді маман табылмай қала ма деп те қорықтым. Бірақ бір есік жабылса, екіншісі ашылады дегендей, аз айлыққа сізбен бірге жұмыс істеп, әлемдік тәжірибені көргіміз келеді деген керемет мамандар келді”, – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.