Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.