Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен оған ілеспе заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.
Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленді
Фото: istockphoto
483
оқылды

Мәжілістің екінші оқылымында қабылданған құжатқа сәйкес, қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайыз деңгейінде бекітілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ал ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық жүктемесін азайтуға бағытталған. 2026 жылдан бастап дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі – 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап 10 пайыз мөлшерінде қолданылады.

Сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сирек және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер ҚҚС төлеуден босатылады. Жаңа нормаларға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, отандық мерзімді басылымдар, сондай-ақ баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтері де ҚҚС-тан босатылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.