Тараптар Еуропа одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Мемлекет басшысы Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен сөйлесті
Фото: Ақорда
509
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.