То Лам Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Вьетнам Коммунистік партиясының Бас хатшысы То Лам Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Luong Thai Linh / Pool Photo via AP
564
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.