Әнші 30 сәуір күні Астанада спектакль-концерт өткізуді жоспарлап отыр.
Жанар Айжанова қызының тойы қашан өтетінін айтты
Фото: әлеуметтік желі
1,351
оқылды

Әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбекованың тойы қашан өтетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында берген сұхбатында Астанадағы концертке дайындалып жатқанын жеткізді. Алматыда үлкен концерт өткізгенін атап өтті, енді 30 сәуір күні Астанада да сондай спектакль-концерт өткізуді жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар басқа өңірлерге қашан баратынын айтты.

"Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз", – деді Жанар Айжанова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.