Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
«Ақтөбе» футбол клубында аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі анықталды
Фото: sports.kz
627
оқылды

Ақтөбе облыстық прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубының қызметін тексерді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тексеріс нәтижесінде 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау дерегі белгілі болды. Сондай-ақ  ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тексеру қорытындысы бойынша, облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы  4-бөлігінің 2) тармағы ("аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру"), 361-бабы  4-бөлігінің 1) тармағы ("лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") және 190-бабы  4-бөлігінің 2) тармағы ("алаяқтық") бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады,  делінген прокуратураның хабарламасында.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында.