Талдықорған қаласында Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары рангпен жұмыс істеп жатыр.
Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде. Оқиға орнына жеке құрамның 40 адамы және 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Басқа нысандарға қауіп жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.