Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде белсенді жұмыс жүріп жатыр. Биыл наурыздан бастап жеке үй-жайларда есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік артты. Мұндай заңбұзушылық үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, ал қайталап бұзған жағдайда 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Бұдан басқа, 69 нарколаборатория, оның ішінде 5 синтетикалық есірткі өндірісі жойылды. Есірткі бизнесімен күресте шамамен 850 млн теңгеге 8 мыңға жуық шот бұғатталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.