Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Раушан Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу рәсімінде түсірілген видео жариялады.
Белгілі болғандай, күйеу жігіт – Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының актері, әнші Ермахан Аймахан.
Желі қолданушылары қос ғашықтың бақытты сәті бейнелеген видеоны тамашалап, тілек жазып жатыр.
«Бақыттарың баянды болсын», «Махаббаттарың мәңгі болсын», «Жүрегіңіздің иесі осы жігіт екен! Бағыңыз ашылсын, Раушан», деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.