«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек, Ақсеңгір, Жайсан, Көкдала және Б.Қыдырбекұлы ауылдарына газ тартылды.
Көгілдір отын тартылды
2,140
оқылды

Жобаны жүзеге асыруға 6,2 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат тәулігіне 15 мың текше метр газ өткізуге қау­қарлы станса салуға ғана емес, соны­мен қатар аталған ауылдарға ма­гистр­алды газ құбырын тартуға мүмкіндік берді. Осылайша, 3 мыңнан астам үй, 26 әлеуметтік нысан және 14 мыңнан астам тұр­ғын газ жүйесіне қосыла алады. Қазірдің өзінде шамамен 700 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл жұмысты бір­неше мердігер компания жүргізуде. Бір үйді газға қосу құны шамамен 160-250 мың теңгені құрайды.

Бүгінде Жамбыл ауданына қарасты 61 елді мекеннің 36-сы, яғни 59%-ы газға қосылған. Сонымен қатар тұрғын үйлердің 82%-ы табиғи газ пайдаланып отыр. Жалпы, Алматы облысында 157 елді мекен газбен қамтамасыз етілген. Онда шамамен 1,2 млн адам тұрады. Жыл соңына дейін тағы 12 ауылға газ тарту жоспарлануда. Бұған 6,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Ал жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қосымша 1,4 млрд теңге бөлінді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы алдағы уақытта да жүйелі жүзеге асырылып, халыққа берген уәде толық әрі сапалы орындала береді.

Елнар ЕЛТАЙ