Қазақстанның ең сұлу волейболшысы атанған Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Оқырмандарының бірі спортшыдан жарысқа қатысқан кезде ұлына кім қарайтынын сұраған.
«Ұлым әрдайым менімен бірге жүреді. Мен жарысқа кеткенде, оған менің анам қарайды. Яғни шетелге шыққанда әрдайым өзіммен бірге ұлымды, анамды және туған сіңлімді алып жүремін», – деп жауап берді Сабина Instaram-дағы Stories бөлімінде.
Спортшы ұлының әкесімен қарым-қатынасы жайлы сұрақты жауапсыз қалдырмады.
«Ұлымның әкесі оған толыққанды көңіл бөледі. Олардың арасында ерекше байланыс бар, сондықтан ол ешқандай айырмашылықты сезген жоқ», – дейді ол.
Сабина Алтынбекова қазір Астанада тұратынын, волейбол маусымы басталғанда шетелге кететінін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.