Құрметті отандастар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
751
оқылды

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! 

Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. 

Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жа­сампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін  жұ­мылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келі­сімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрыл­ға­ны­на 30 жыл толды. Осы бірегей ұйым әуел бастан елі­міз­дегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына ай­нал­ды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырыс­ты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді.    

Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқа­сын­да мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды ре­формалар табысты жүзеге асырыла береді. 

Еліміз теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуан­ды­лықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеп, ел бірлігін одан әрі нығайта түседі.

Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез келген сынақты ең­се­ріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың ар­ман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құра­мыз. 

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!