Биыл қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Ефимовна Шинкевичтің 100 жасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр.
100 жасы Ұлы Жеңістің мерейтойына сай келген ардагер Мария Шинкевич
баспасөз орталығы
2,765
оқылды

Мария Ефимовна 1925 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысы Ростовка ауылында дүниеге келген. 1944 жылы 19 жасқа толған күні әскерге шақырылған.

Мәскеу Бас әскери мектебінің әйелдер мергендік мектебінде оқып, содан кейін 1945 жылдың тамызына дейін 3-ші Беларусь және Украина майдандарында мерген болған.

Жеңісті Прагада қарсы алған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» екі медалімен, Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуковтың медалімен, «Украинаны азат еткені үшін» және жауынгерлік еңбегі үшін алғысхаттармен марапатталған. Соғыстан кейін көптеген майдангерлер сияқты елді қалпына келтіруде жұмыс істеген.

– 9 мамыр – ең атаулы күн. Мен оны әлі күнге дейін толқып, көзіме қуаныштан жас алып, еске аламын. Біз жеңісті күттік және оның келетініне сендік, – дейді ардагер. – Ал жастарға мен бір кеңес бергім келеді: әрқашан қозғалыста болу, жұмыс істеу және жалқауланбау қажет. Үлкендерді құрметтеп, өз құрдастарыңа үлгі болыңдар, – деді Мария Ефимовна.

Қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Ефимовна Шинкевич 100 жасымен құттықтап, Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, әскери қызметкерлер мен оқушылар кездесіп қайтқан болатын.