Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысын жалғастыруда.
Аудан әкімінің орынбасары сотталды
Фото: istockphoto
559
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында аудандық сот Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Б.Зайрымбет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Беркімбаевға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылғы 27 желтоқсанда олардың бірігіп, коммерциялық ұйым басшысынан 2,3 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Пара мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою, төлем жүргізу және жалпы қамқорлық көрсету үшін берілген.
Сот аталған лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.