Канадада өткен парламент сайлауында либералдық партия жеңіске жетті. Партия басшысы, Канаданың қазіргі Премьері Марк Карни елдің келесі үкіметін басқарады.
Президент Канаданың Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
2,225
оқылды

Осы орайда Мемлекет басшысы Канаданың Премьер-министрін құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федералдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.  

Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.