Шетелде ем алып жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің әкесі Төреәлі Төлепов желіде жазба жариялап, көпшілікке алғыс айтты.
"Ассалаумағалейкум, жақсыларым! Ниеттес, тілектес болып, "дұғадамыз" деп жатқан барша жандарға Алла разы болсын! Жақсы жаңалықпен жолыққанша", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге денсаулық тіледі.
"Төреғали сауығып кет, айналайын, біз сені жақсы көреміз", "Алла отбасымен аман-есен қауышуды жазсын, келген дерттің шипасы тезірек табылсын, аман болсын мықты әнші", "Төреғалиді сағындық. Аллам шипасын берсін. Концерттерін күтіп жүрміз", – деп жазды олар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.