Жұмыс басталғаннан бері инертті материал салынған 29 000 қапшық төселіп, ұзындығы 3900 метр болатын бөгет салынды.
Құтқарушылар бір ауылды тасқын судан қорғап қалды
Фото: ТЖМ
1,035
оқылды

ТЖМ құтқарушылары СҚО Қызылжар ауданының Долматово ауылын тасқын судан қорғап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға құтқарушылар, ІІМ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан 172 адам және 22 бірлік инженерлік техника тартылды. 

Жұмыс басталғаннан бері инертті материал салынған 29 000 қапшық төселіп, ұзындығы 3900 метр болатын бөгет салынды. 

Жұмыстар ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың үйлестіруімен жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.