JOLTAP жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында іске асырылып келеді және жұмыспен қамту саласында қолданыстағы шараларға қосымша болып саналады. Жобаның негізгі мақсаты – азаматтарға табысын арттыруға көмектесу және кешенді көмек көрсету.
Жұмысшы мамандықтары жылы:  JOLTAP  жобасына жаңа мамандық қосылды
Фото: gov.kz
547
оқылды

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында  JOLTAP жобасында тағы бір жұмысшы мамандығы бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды игеруге, жұмысқа орналасуға және табыс табуға көмектесетін  JOLTAP  жобасын іске асыру жалғасуда.

Жоба аясында жаңа жұмыс кәсібі – полимерлі-ұнтақты бояу жөнінде тегін оқыту іске қосылды.

Мұндай таңдау еңбек нарығында осындай мамандарға деген жоғары сұранысқа байланысты. Қатысушылар тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар нақты өндірісте практикалық тәжірибе алады.
Оқу 11 күнге созылады, оның қорытындысы бойынша түлек сертификат және 4 разряд алады.
Курсқа 18 бен 40 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатыса алады.

Толығырақ ақпарат алуға және курстарға «Баршаға Мүмкіндік» модульді  пункттерінде келесі мекенжайлар бойынша жазылуға болады:
- Бейбітшілік көшесі, 9, Еңбек мобильдігі орталығы;
- Республика даңғылы, 34, «Жастар» сарайы;
- Сығанақ даңғылы, 3Б «Мечта» СҮ;
- Абылай хан даңғылы, 31, «Встреча» СҮ;
- Қабанбай батыр даңғылы 21, «Азия паркі» СОО.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.