Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әншіні мерейтойымен құттықтады.
Министр Аида Балаева әнші Майра Ілиясоваға Президенттің құттықтауын табыстады
парақшасынан алынды
1,543
оқылды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Майра Ілиясоваға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын табыстады. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бүгін халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының құттықтауын табыстадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді.

Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға. Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды. Ұлт өнерінің шынайы жанашыры – Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!" – деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Желі қолданушылары әншіні 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін жазып жатыр.