Белгілі актер Жахан Отарғалиев әйеліне мәһр сыйлағанды дұрыс көріп, әудесін орындады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
“Достар, келіншегіме мәһр алуға келдім. Мәһрдің болғаны дұрыс сияқты. Қыз баласының жеке сыйлығы ғой. Не де болса, қалағанын алып бердім. Алтын сұраған еді”, – деп жазды актер.
Сақина Cartier дүкенінен Cartier брендінің Love сериясы жүзігін алған. Төленген түбіртекке қарағанда жүзікті Біріккен Араб Әмірліктегі дүкеннен алған. Төленген ақысы – 9 100 дилхам. Теңгеге шаққанда – 1 227 502 5,38. Оның ішінде 433 дилхам, яғни 60 668 мың теңгесі салыққа төленген.
Негізі дүкеннің өзінде 750 пробалық сары алтыннан жасалған жүзіктің бағасы 539 378 теңгеден басталып, 5 миллионға дейін барады. Оған қоса, бір бриллианты бар.
Естеріңізге салсақ, әнші жақында үшінші рет үйленген болатын. Ол өзінің жаңа пәтер сатып алғанын да жариялаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram