Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: IWF
1,729
оқылды

Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.

Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады – 252 келі (113+139).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.