Аikyn.kz оқырманының кезекті алимент жайындағы сұрағына Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер Бауыржан Әбдімұратұлы Аймбетов жауап берді.
Сот орындаушы тиісті алиментті жұмысшының келісімінсіз, оның жалақысынан ұстай алады – заңгер Бауыржан Аймбетов
баспасөз орталығы
750
оқылды

Оның айтуынша, келіншегімен некесін мешітте қидыртқан. Алайда екеуі заңды некеге тұрып үлгерместен, бір жыл ішінде ажырасып кеткен. 

"Арамызда бала бар. Бірақ әкесі өзім екеніме күмәнім бар. Соған қарамастан ол келіншек жұмыс орныма шағымданып, алимент талап етпек. Оның олай істеуге құқығы бар ма? Менің келісімімсіз, басшылық айлығымнан алиментті ұстап қала алуы мүмкін бе?",  дейді Азамат есімді тұрғын.

Бауыржан Аймбетовтің айтуынша, сот орындаушы тиісті алиментті жұмысшының келесімінсіз, оның жалақысынан ұстай алады.

– Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 51-бабына сәйкес туу туралы актілер жазбалары кiтабына баланың әкесi ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың әкесi болып табылатын адамның талап етуi бойынша сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн.

Яғни, аталған заңнама нормасына сәйкес, егер әкелікке қатысты күмәніңіз болса, оны сот арқылы даулай аласыз. Маңыздысы, егер сіз әкелікке күмәндансаңыз да, егер сот сізді баланың әкесі деп таныса, алимент сот тәртібімен тағайындалуы мүмкін.

«Менің келісімімсіз, басшылық айлығымнан алиментті ұстап қала алуы мүмкін бе?» деген сұраққа келер болсақ, жұмысшының жалақысынан тиісті алиментті ұстау тек сот орындаушының дәлелді қаулысының негізінде ғана жүргізіледі (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 93-бабы), – деді заңгер Бауыржан Әбдімұратұлы.