Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Абужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.