Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті қорқытып, ақшасын иемденген 21 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефоны арқылы банктің мобильді қосымшасынан өзіне ақша аударып алғаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұған дейін де әртүрлі қылмыс үшін сотты болғаны белгілі болды. Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны көздейді, – делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды мұндай жағдайларға тап болған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.