Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады.
Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
Фото: istockphoto
876
оқылды

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық  атылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.