Бес спортшы жаңа пәтер иегері атанды.
Олимпиада жүлдегері атанған бес спортшы жаңа пәтердің кілтін алды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
1,815
оқылды

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларға пәтер кілтін табыс етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бес спортшы жаңа пәтер иегері атанды. Спорттық гимнастикадан Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер алды.

Қола жүлдегерлер — бокстан спортшы Назым Қызайбай мен атқыш Ислам Сәтбаев бір бөлмелі пәтер иегері атанды.

Қола медаль иегерлері, дзюдошы Гусман Қырғызбаев және пневматикалық мылтықтан ату спортшысы Александра Ле жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда. Оларға пәтерлер кілті Алматыға оралғаннан соң беріледі.

«Сіздің жеңістеріңіз – көп жылғы қажырлы еңбектің нәтижесі және спортшылардың жаңа буыны үшін лайықты үлгі. Алматы Сіздердің жетістіктеріңізді жоғары бағалайды және Сіздерді жаңа жетістіктерге жету жолында үнемі қолдайтын болады», — деді Бейбіт Шаханов.

Спортшылар ниет пен көрсетілген қолдауға алғыс білдірді.

Анықтама: 2024 жылдың 11 тамызында Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Алматылық спортшылар бірқатар медальдарды жеңіп алды және халықаралық аренада еліміздің спорттық беделін нығайтты әрі Қазақстанды абыроймен әлемге паш етті.

20 тамызда Алматы қаласының әкімдігінде Олимпиада жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өтті. Іс-шара аясында спортшыларға ақшалай сертификаттар, автокөлік кілттері, сондай-ақ тұрғын үй алуға сертификаттар табыс етілді. Кездесу кезінде Алматы әкімдігінен ақшалай сыйлықтар мен автомобильдер табысталды.

Тұрғын үй беруге келетін болсақ, жүлдегерлерге берілген сертификат титулды спортшыларды пәтерлермен қамтамасыз ету тетігінің бірінші кезеңі болып саналады. Сертификаттар тапсырылғаннан кейін тұрғын үй сатып алу рәсімі іске қосылды. Бұл процесс жеке бюджетті қалыптастыруды және конкурс жариялаудан бастап шарттар жасасуға дейінгі барлық қажетті мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізуді қамтиды. Бұл процедуралар заңнамамен қатаң реттеледі және белгілі бір уақытты қажет етеді.

2025 жылдың 9 қаңтарында барлық заңды және сатып алу процедуралары аяқталды. Спортшылардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін пәтерлерде әрлеу жұмыстары жүргізілді. Спорт басқармасының қызметкерлері осы уақыт ішінде әр жүлдегермен байланыста болды және кілтті тапсыру күні әрқайсысымен келісілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.