1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мейрамы кезінде Талдықорған қаласындағы «Дос­тық үйі» маңынан жаңа аллея ашылды. «Достық аллея­сының» ашылу сал­танатына облыс басшы­лығы, Ассамблея өкілдері, жастар қатысып, уақыт капсуласын қойды.
Жетісуда – «Достық аллеясы»
350
оқылды

Шараға жиылғандар «Дос­тық аллеясы» мәдени іс-шара­лар, кездесулер мен ұлтаралық келі­сім­ді нығайтуға бағытталған ак­ция­лар өтетін орынға айна­латы­нын атап өтті. Олардың ішінде шараға белсене қатыс­қан­дар ара­сында І. Жан­сүгіров атындағы универ­ситет­тің Қа­зақ­стан халқы Ассам­блеясы кафедрасының мең­­герушісі Бархудар Гусенов те бар.

– Бүгінгі отырғызылған 30 көшет саны кездейсоқ таңдалған жоқ. Ол – Ассамблеяның 30 жыл­дық тарихындағы татулық пен тұрақтылықтың, түрлі этнос­­тардың бір шаңырақ ас­тында бейбіт өмір сүріп келе жат­қанын білдіретін символ. Әр отырғыз­ылған тал – табиғатқа деген қам­қорлықтың ғана емес, ел бола­ша­ғына қалдырылған рухани мұра­­ның, үміттің де көрінісі. Ал «Болашаққа хат» уақыт капсула­сының салынуы – бүгінгі ұрпақтың ертеңгі күнге деген сенімі, елдің болашағына аманат еткен жүрек сөзі деп білемін, –  дейді ол.

«30 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін тұтас бір дәуір. Ол – ұлтаралық бейбіт­шілік пен келісімнің, бірліктің символына айналды. «Достық аллеясының» ашылуы – бұл жай ғана көркем бастама емес, бұл Ассамблея ат­қарып жатқан ұлы миссия туралы терең еске салу. Бәріміз үшін Қазақстан – әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі құрметтелетін ортақ үй», – деді облыстық корей этно­мәдени бірлестігінің төраға­сы Владимир Ли.  

Сондай-ақ бұл жарқын оқи­ғаның қатысушылары Ассам­блея үш онжылдық ішінде ұлт­аралық қатынастарды үй­лес­тіруге ықпал ететін маңызды инс­титутқа ай­нал­ғанын атап өтті. Оның қыз­меті білім беру бағдарлама­ларынан бастап қай­ыр­ымдылық шараларына дейін қоғам өмірінің барлық сала­ларын қамтиды. Ол­ар­дың айту­ынша, Талды­қор­ғандағы Достық аллеясы – қоғам­дық келісімді нығайту мен бей­біт­­шілік идеал­дарын ілгері­лету жолындағы тағы бір қадам.

Салтанатты рәсімнің ерекше сәті – түрлі этнос өкілдерінің жолдаулары салынған «Бола­шаққа хат» уақыт капсуласының қойылуы болды. Үміт пен ша­быт­қа толы бұл хаттар Қазақ­станның болашақ тұрғындарына арналып жазылған. Олар қоғам  дамуының негізі болып та­была­тын бейбітшілік, достық пен өзара құрметті сақ­тап қалуға деген ұмтылысты бей­нелейді.

«Бұл аллеяның пайда бол­уы – бірлік, достық және қоғам­дық келісімнің жарқын сим­волы. Аллея біздің қоғамымыз­бен бірге өсіп, барлығына негізгі құнды­лықтар туралы ескерту жасап тұратын болады. Уақыт капсула­сына салынған барлық тілектер келесі жылдары өз шындық­тарына айналса деп тілеймін», – деп әсерлерімен бөлісті Жетісу облысы «Славян қозғалысы» қоғамдық бірлесті­гінің төрайымы Наталья Белик.

Осылайша, аталған аллея Талдықорған қаласының халық демалатын көрнекті орындары­ның біріне айналмақ. Уақыт капсула­сын 2045 жылы, Ассам­блеяның 50 жылдық мерейтойы өтетін жылы ашу жоспарланып отыр.

Қатысушылар шара соңында естелік суретке түсіп, ақсақалдар шараны ұйымдастырушылар мен жастарға ақжолтай тілек­терін білдірді.

С.БЕГІМБАЙ