Жақында «Қазпошта» акционерлік қоғамының астаналық филиалында мерзімді басылымдарға жазылу науқанының басталуына орай «Баспа­сөз­ге жазылушылар күні» іс-шарасы өтті.
Мерзімді басылымға жазылу жүріп жатыр
311
оқылды

Республикалық және өңірлік газет-журналдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ оқыр­мандар қатысқан іс-шараны ашқан «Қазпошта» АҚ астана­лық филиалы директорының орынбасары Аслан Масекеев пошта қызметі мен мерзімді бас­пасөз редакциялары арасындағы кәсіби әріптестіктің маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да өзара байланыс жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Акционерлік қоғамның пош­та және мемлекеттік қыз­мет­тер жөніндегі басқарушы ди­р­ек­торы Дәулет Бекманов Қазпоштаның отыз жыл ішінде халыққа миллиардтан астам г­азет пен журнал жеткізгенін атап өтті. Ауыл тұрғындары да назардан тыс қалмайды.

– Жыл сайын біздің пош­та­шылар мыңдаған шақырым жүріп, басылымдарды оқырман­дарға жеткізеді. Ал сұрып­тау­шылар күн сайын ондаған мың газет-журнал данасын іріктейді. Жазылу процесін ыңғайлы ету үшін Қазпошта заманауи цифр­лық шешімдерді пайдалана оты-р­ып, өз қызметтерін жетіл­дір­іп келеді, – деді Дәулет Бек­манов.

«Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының бірінші орын­басары Виктор Пряников мер­зімді басылымдар мен Қазпош­таның халықты ақпараттандыру жолында ортақ үлкен істі атқар­ып келе жатқанын атап өтті.

– Бүгінде интернет дәуірі үстемдік етіп тұрғанына қара­мастан, біздің басылымдары­мыздың таралымы әлі де айтар­лықтай жоғары. Біз өз ауди­тор­ия­мыз үшін маңызды мемле­кеттік жаңалықтармен қатар, қызықты оқырмандық матер­иал­дарды да ұсынып келеміз, – деді Виктор Пряников.

«Қазпошта» АҚ қалалық фи­лиа­лының сату бөлімінің бас маманы Ляззат Қонақбаева елор­да­дағы жазылу науқанына жауап береді. Оның айтуынша, Астана тұрғындары газеттер мен журнал­дарды белсенді түрде оқиды. Ол жазылуды пошта бөлім­шелерінде де, QazPost қосымшасы арқылы да рәсім­деуге болатынын еске салды.

Астаналық поштаның кең залында «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ай­қын», «Литер», Тurkistan, Astana aqshamy, «Вечерняя Астана» газеттері мен National Geographic Qazaqstan журналының арнайы сөрелері ұйымдас­ты­рыл­ып, баспасөз өнімдері жұрт назарына ұсынылды.

Мерекелік жиын барысында мерзімді басылымдарға жазыл­ған оқырманға редакция атынан сый-сияпат берілді.

Қазпоштаның баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, респуб­ликалық басылымдарға жазылу науқаны 2025 жылдың екінші жартыжылдығына – 25 маусым­ға дейін, ал шетелдік басыл­ымдарға 10 маусымға дейін жал­­ғасады.

С.БЕГІМБАЙ