Биылғы құрылтай ел ертеңін еселейтін еңселі бастамаларға арқау болды. Соның ішінде Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда қаузаған маңызды мәселелері қатарында білім саласының жай-күйі де назардан тыс қалмады.
Кәсіптік білім – келешегіміздің кепілі
1,254
оқылды

Жалпы, бұл жолғы жиын бұрынғысына қара­ған­да өзгеше өрнекте өрбіді деп айтуға толық негіз бар. Көк­ше төрінде өткен келелі кеңес­те Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сала­сын­дағы тәрбие, білім беру мен ұлттық құндылықтарға не­­­гізделген «Біртұтас тәрбие» бағ­дарламасының мән-маңы­зы­на баса тоқталып өткені мә­лім. Соның ішінде кәсіптік жә­не техникалық білім беру са­ласын жаңғырту қажеттігін ерек­ше атап өтті. Мұның бас­тамасы ретінде биылғы жыл «Жұ­мысшы мамандықтар жы­лы» болып жарияланғанын мә­лімдеді. Бұл тұрғыда Сыр өңі­рінің білім саласындағы сер­піліс қандай? 

Кейінгі жылдары аймақтың білім саласында көпті алаң­да­тар­лық мәселелер бой көрсетіп қа­­лып жүр. Жетістіктер де жоқ емес. Дейтұрғанмен, әлі де ат­қа­­­рылуы тиісті жоспарлы жұ­мыс­­тардың ауқымдылығы көз қуантады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» ат­ты Жолдауында «Еліміздің кадр­лық әлеуетін біртіндеп арт­тыру өте маңызды» екен­ді­гіне тоқталған еді. Соның не­гі­зінде Сыр аймағында кәсіптік бі­лім беру саласын дамытуға үл­кен мүмкіндік беріліп отыр­ға­нына мамандар сенімі зор. 

Қызылорда облыстық Бі­лім басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінде өңірде 28 кол­ледж жұмыс жасайды. Оны ішін­де 19 колледжде 45 ма­ман­дық 49 біліктілік бойынша жұ­мысшы кадрлар даярлауды жү­зеге асырып келеді. Соның ая­сында аймақта оқып жатқан 20 341 студенттің 4 890-і жұ­мыс­­­шы мамандығы бойынша бі­лім алып жүр. 

«Нақты кезеңде «Жұмыс­шы мамандықтар жылын» өт­кізу бойынша облыстық іс-ша­ралар жоспары бекітіліп, ай­­­мақтағы кәсіптік білім беру са­ла­сын трансформа­ция­лау­дың жол картасы қабылданды. Биыл техникалық және кә­сіп­тік білім беру ұйымдарында даяр­ланатын мамандықтарға про­филизациялау жұмыстары жүр­гізіліп, бірнеше оқу орын­дарын­да қатар даярланатын ма­мандықтар мен біліктіліктер бойынша мемлекеттік ли­цен­зия­лар кері қайтаралатын бо­ла­ды. Осы орайда мәлімет ре­тін­де айтар болсам, өткен 2023-2024 оқу жылында 9 кол­ледж­дің 38 мамандығы бойын­ша 52 біліктілік лицензия қо­сым­шалары қайтарылды. Мұн­­дай жұмыстар биылғы оқу жы­лында да өз жемісін береді де­ген сенімдемін», – дейді бұл жайын­да Қызылорда облыстық Бі­лім басқармасының бас­шы­сы Асқарбек Есжанов.

Қазір Сыр өрендері Қызы­л­орда қаласы мен аудандардағы кол­ледждерде білімін шың­дау­да. Атап айтқанда, «тігін өн­дірі­сі және киімдерді үлгілеу», «ті­гінші», «техник-технолог» бі­­­­­­­ліктілігі, «Ғимараттар мен құ­­­рылыстарды салу және пай­да­лану», «Шаштараз ісі», «Ті­гін ісі», «Автокөліктерді жөн­деу және қызмет көрсету» сын­ды көптеген мамандықтар бойынша оқып жүр. 

Басқарма басшысы биыл облыстағы 8 колледж­дің мамандық даярлау бағы­ты­на сәйкес келмейтін 21 маман­дық­тың 31 біліктілігі нақ­ты­­ланып, лицензия қосымшалары кері қай­тарылатынын тілге тиек ет­­ті. Сонымен бірге колледж­де­­гі білім сапасына байланыс­ты оқу орындарының рей­тин­гі­ қалыптастырылып, жыл сайын бағалау жұмыстарын жүр­гізе­тінін жеткізді. Бұл бі­рін­ші ке­зекте оқу орын­дары­ның бә­секеге қабілетті кадрлар даяр­лаудағы әлеуетін айқын­дай­тынын айтып отыр. 

«Бүгінде колледждердің рей­­тингісін анықтауға бай­ла­ныс­ты Оқу-ағарту министрлігі тарапынан арнайы әдістемелік нұсқаулық жобасы әзірленіп жа­тыр. Сонымен қатар алдағы оқу жылы оқу орындарының ха­лықаралық салалық білім беру стандарттары бойынша бі­тірушілерді сертификаттау, жұ­­мыс­қа орналастыру көрсет­кі­­шін арттыру шаралары жүр­гі­зі­леді. Оның негізгі мақсаты – кол­­ледждерге енгізілген дуа­­­­­­­льды оқыту жүйесі арқылы бі­­тіру­ші­лерді кәсіпорындар мен ме­ке­мелерге тұрақты жұ­мыс­­қа ор­на­ластыру болып та­бы­­лады. Не­гізінен, бітіру­ші­лер­­дің жұ­мыс­қа орналасу көр­­­­­сеткіші мем­лекеттік зейне­та­қы төлеу ор­талығының ақ­пара­ты негі­зін­де анықталып ке­леді», – дей­ді өз сөзінде бас­қарма бас­шысы. 

Биылдан бастап бітіруші курстардың кәсіп­орын­­­дар базасындағы оқу-өн­дірістік іс-тәжірибеден өтуі ту­ралы ақпаратты «Еңбек KZ» электронды порталына енгізу көз­­деліп отыр. Бұл түлектердің прак­­тикадан өтуімен қатар тұрақ­ты жұмысқа орналасуына өз ықпалын тигізеді деген жос­пар бар. Сонымен қатар 2025 жылы колледждерді үздік бі­тіру­ші 200 түлекке тұрақты жұ­мысқа орналасуы үшін ар­найы жолдама берілу де қарас­тырылған. 

Мемлекеттік тапсырыс бойын­ша студент­тер­дің оқуға қа­былдау санын арт­тыру, шет­ел­дік оқу орын­дары, ірі кәсіп­орындармен екі­жақты әріп­тес­тік байланыс ор­нату, жаңа технологияларды пай­далана отырып кадрлар даярлау, шәкіртақыны 50 пайыз­ға арттыру, кәсіптік білім беру саласындағы көрсетілетін 8 мемлекеттік қызметті элек-т­рон­ды форматқа ауыстыру сын­ды толымды тірліктер ат­қа­рылып жатқанын мәлімдеді. 

Елімізде жаңа мамандық­тар ашу үшін колледждердің ма­териалдық-техникалық ба­заларын қайта жабдықтау, күр­делі жөндеу жұмыстарын жүр­гізу қажеттігі туындап тұрғаны жа­сырын емес. Соған орай бас­қарма тарапынан алдағы мін­деттерді сұрадық.

Бұл ретте өңірдің Білім бас­қармасына қарасты 15 мем­лекеттік колледждің төртеуіне күрделі жөндеу, 1 колледжге қо­сымша құрылыс жұмыс­та­рын жүргізу қажеттілігі туын­дап тұрғанын жеткізді. 

«Бүгінде күрделі жөндеу жұ­мыстары жүргізілетін кол­ледж­дер бойынша жоба сме­талық құжаттарын әзірлеуге қажетті 36,4 млн теңге қаржыға облыстық бюджеттік комис­сия­ға өтінім берілді. Сонымен бір­ге «Жас маман» жобасы ая­­сында 2020-2021 жылдары 9 кол­ледждің материалдық-тех­никалық базалары рес­пуб­ликалық бюд­жеттен бө­лін­ген 2,7 млрд тең­­­­­­­геге зама­науи құ­рал-жаб­дық­тар­мен қамта­ма­сыз етілді. Осы жоба­ның жалғасы ре­тін­де алдағы уа­қытта қал­ған 4 кол­­­­ледждің оқу-өн­дірістік шебер­ха­­наларын жер­гі­лікті бюджет есе­­­бі­нен жаб­дық­тау жоспар­лануда. Сонымен қатар мемлекеттік колледждерді ірі кәсіпкерлерге сенімгерлік бас­­қаруға беру жұмыстары қол­­ға алынуда», – деп түсін­дір­ді басқарма басшысы. 

Жалпы, Сыр өңірінде «Жұ­мысшы мамандықтар жы­лын­да» техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша бір­­қатар ауқымды шараларды жү­зеге асыру көзделіп отыр. Бұл жұмыстардың әрбірі кә­сіп­­тік білімнің көкжиегін кеңей­­тіп, кемел келешегіміздің ке­­пілі болатынына зор сенім­мен қарайды. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы