Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Табиғи апаттан зардап шеккендерге 600 000 теңгеге жуық өтемақы төленеді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,038
оқылды

Табиғи апаттан зардап шеккендерге берілетін дүние-мүліктің тізімі кеңейтілді.  Жаңа ережеге сәйкес, тұрғындар бұдан былай тасқын кезінде газ баллон, үйді жылытуға сақтап отырған көмірі бүлінсе де, өтемақы алады.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арба сатып алуға да өтемақы төленеді.

Еске салайық, барлық зат үшін өтемақы ең көп дегенде 589 500 теңгеге дейін беріледі. Оны алу үшін тұрғындар өтінімді жергілікті әкімдікке жазуы керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.