Қазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК
1,628
оқылды

Спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіпмаз атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.
Ксения қос сайыс қорытындысы бойынша 199 (91+108) келіні еңсерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова иеленді — 190 (88+102) келі. Ал үшінші орын ресейлік Полина Павловичке бұйырды – 189 (85+104) келі.
73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, жастар арасындағы жарыста 81 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков те үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.