Дарынды балаларға арналған мектеп интернатының құрылысымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев танысты. "Отандық білім беру сапасын арттыру мәселесі Мемлекет басшысының үнемі басты назарында", – деді ол.
Осы ретте Абай атындағы мектеп-интернатының жаңа ғимаратын салу бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған жастарды даярлау жолында маңызды роль атқарады. Аталған білім ордасын ойшылдың мұрасын зерттеу мен дәріптеу бағытында еліміздегі тірек оқу орнына айналдыру көзделген.
Мектеп Абайдың «Толық адам» философиясы мен ел Президентінің «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Сенат төрағасы.
Мәулен Әшімбаев сонымен қатар «MOST IT Hub Almaty» инновациялар орталығында болды. Бұл алаңда ұлттық экономиканы дамытуға арналған креативті, технологиялық және кәсіпкерлік бағыттағы іргелі жобалар жүзеге асады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.