Бұл туралы Аль-Джазира телеарнасы хабарлады. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға мыңдаған тұрғын ғибадатханаға апаратын аядай көшеге жиналған кезде болған. Тұрғындар тар жерге кептеліп, бірінің үстіне бірі құлаған. Штат басшысы марқұмдардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлады. Айта кетейік, Үндістанда діни фестиваль кезінде жаппай тапталу оқиғасы жиі тіркеледі. Биыл қаңтар айында елдің солтүстігіндегі Кумбха Мела фестивалі кезінде 30-ға жуық адам қаза тапты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.