Басталуы: 12:00. Кіру тегін.
Ертең Астанада республикалық бәйге өтеді
istockphoto.com
2,323
оқылды

4 мамыр күні елордадағы «Қазанат» ипподромында классикалық ат жарысы мен бәйгенің ауқымды турнирі — «Astana Cup» өтеді.

Туризм жəне спорт министрлігі мәліметінше, жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік жүйріктер қатысады.

- Келушілерді 1200 м, 1600 м, 1800 м, 2000 м қашықтықтағы бәйгелермен қатар, аңызға айналған 12 шақырымдық «топ бәйге» мен 18 шақырымдық «Аламан бәйге» күтіп тұр, – деп жазылған хабарламада.

Басталуы: 12:00. Кіру тегін. «Қазанат» ипподромына №303, 309 және 323 бағытындағы автобустармен жетуге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз