Мамандар өрт туралы хабар түскен сәттен бастап оны толық сөндіруге дейін 12 минут жұмсады
Петропавлда көпқабатты үй ауласында көлік өртенді
ТЖМ
1,605
оқылды

Петропавл қаласындағы Ш. Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй ауласында жеңіл автокөліктің мотор бөлімінен өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

 ТЖМ алдын ала мәліметі бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері көлікте газ баллоны орнатылғанын ескеріп, ерекше сақтықпен әрекет етті. Мамандар өрт туралы хабар түскен сәттен бастап оны толық сөндіруге дейін 12 минут жұмсады.

Өртті сөндіру кезінде ауа-механикалық көбікті қолданған құтқарушылар жалынның көлік салонына таралуына жол бермеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз