Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласындағы жаңа туған нәресте ауыр жағдайына байланысты облыс орталығына жедел жеткізуді қажет етті. Уақытты созуға болмайтынын ескерген медицина қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе көлігіне жүгінді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ "Қазавиақұтқару" мекемесінің ұшқыштары Евгений Гончаров пен Олег Алфеев сәбиді санавиация дәрігерлерімен бірге Өскемен қаласындағы ауруханаға шұғыл түрде жеткізді. Ұшу кезінде барлық қажетті медициналық шаралар сақталды.
- Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды, – деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз