Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Петр Чайковскийдің мерейтойына арналған гала-концерт өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, театр сахнасында композитор туындыларын операның жетекші солистері, симфониялық оркестр мен хор сүйемелімен шырқады.
Осы кеште көрермен «Пиковая дама», «Евгений Онегин», «Иоланта», «Чародейка» операларынан ариялар, көріністер мен дуэттер, «Москва» кантатасындағы жауынгердің ариозосын және балет классикасынан үзінділер тыңдады. Кеште Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов дирижерлік етті.
Концертке Қазақстанның Халық әртісі Жәмилә Баспақова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Даурбаева, Дина Хамзина, Олег Татамиров, театрдың жетекші опера солистері, симфониялық оркестр мен хор қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз