«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін, 4 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанады.
Бірқатар өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады және үсік жүреді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
830
оқылды

Батыс Қазақстан облысының кей бөлігінде 1 градус үсік жүруі ықтимал.

Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Астанада ауа температурасы күндіз +22+24 °C, түнде +10+12 °C болады.
Алматыда күндіз +26+28 °C, түнде +11+13 °C жылы болады.
Шымкентте +32+34 °C ыстық, түнде +14+16 °C жылы болады деп күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.