Бастама келер жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Ульф Крисстерсон мәлімдеді. Оның айтуынша, мигранттарды қаржылай ынталандыру сомасы 34 есе ұлғаяды. Қазір оның көлемі 900 еуро. Бұған дейін жоба аясында көмек сұрап келгендер тым аз болған. «Өйткені төленетін сома да қомақты емес», – дейді билік өкілдері. Жергілік көші-қон агенттігінің дерегіне сәйкес 2023 жылы 70 өтініштің біреуі ғана мақұлданған. Жаңа бастама атамекеніне асығып жүрген азаматтардың өз еліне қайту процесін жеңілдетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.