Елімізде batyrlarga-tagzym.kz атты онлайн портал іске қосылды.
«Батырларға тағзым» атты портал іске қосылды
Фото: batyrlarga-tagzym.kz
1,105
оқылды

Онда Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы құнды ақпараттар жинақталып жатыр.

Онлайн-порталда пайдаланушылар өз туысқандары туралы деректерді енгізіп, фотосуреттерді жүктей алады. Веб-порталда ардагерлерге және жобаға қатысты жаңалықтар мен оқиғалар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Сайтта қазірдің өзінде 678 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.