Бұл биылғы жылдың ең маңызды жекпе-жектерінің бірі болмақ. Қос чемпион да өз титулдарын біріктіруді мақсат етіп отыр. Орта салмақ тарихында белбеулерді біріктіру сирек кездеседі.
Доминикандық боксшы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) ESPN-ге берген сұхбатында Top Rank промоутерлік компаниясымен келіссөздер жүріп жатқанын растады.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 5 сәуірде Анауэль Нгамиссенді (Франция) 2-раундта нокаутқа жіберді. Ал Карлос Адамес 22 ақпанда Хамза Ширазбен (Ұлыбритания) жұдырықтасып, өзара тең түскен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.