Жекпе-жек Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтті және төрешілердің бірауыздан шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.
Осылайша ол Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA Super) және Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) әлемдік титулдарын сақтап қалды, сонымен қатар Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белбеуін жеңіп алды.
Қазір Альварестің еншісінде 63 жеңіс, екі жеңіліс және екі тең есеп бар.
Скалл кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады, оның қоржынында 23 жеңіс бар.
Айта кетейік, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Альварес осы салмақта абсолютті әлем чемпионы мәртебесін иеленді, бірақ кейінірек Скаллмен жекпе-жек өткізгісі келмегендіктен одан айырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.