Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болу қажеттігіне ерекше назар аударды. Бағаның өсімін тежеу бойынша бірлескен іс-қимылдар қажеттігі айтылды.
Кездесу аясында ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ға жуығы отандық тауарлар екендігі айтылды. Бұл қазақстандық өндірушілердің бөлшек саудадағы жоғары деңгейін көрсетеді.
Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық брендтердің танымалдығы артып келеді. Отандық өндірушілердің сатылымы артып, өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Кездесу қорытындысы бойынша Сауда министрлігінің қолдауымен жеткізушілер форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алаң ірі сауда желілерімен жұмыс істеу шарттарын талқылауға және қазақстандықтардың қолжетімді бағада сапалы отандық өнімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.